2026 жылдан бастап Қазақстанда медициналық деректерді сақтау бойынша бірыңғай жүйе енгізіледі

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 17 қыркүйекте Денсаулық сақтау вице-министрі Ерболат Оспанов Мәжіліс кулуарында 2026 жылдан бастап Қазақстанда науқастардың медициналық деректерін сақтау бойынша бірыңғай жүйе іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Спикер Data Health Care жобасы туралы айтып берді. Оның сөзінше, бұл — еліміздегі барлық пациенттердің клиникалық және медициналық деректері жинақталатын бірыңғай жүйе. Жүйеде МӘМС және ТМККК аясындағы емделу туралы ақпаратпен қатар, өзге де медициналық мәліметтер қамтылады. Жобаның негізгі мақсаты — барлық медициналық деректер науқастың өзімен байланысты болуы және бір жерден қолжетімді болуы.

"Бүгінде біз түрлі медициналық ұйымдарға жүгінеміз, өзімізбен қағаз жүзіндегі көшірмелерді немесе қандай да бір анықтамаларды алып жүреміз, өйткені клиника пациенттің денсаулығы туралы толық мәлімет ала алмай жатады. Сондықтан осы принцип жүзеге асырылады – шамамен қараша–желтоқсан айларында. Қазір жекеменшік медициналық ақпараттық жүйелермен интеграцияның 70%-дан астамы аяқталды. Олардың қатарында "Дамумед", "Надежда", "Авиценна", "Жетісу" және басқа да жүйелер бар. 2026 жылдан бастап олардың барлығы eGov арқылы — электронды денсаулық паспорты арқылы қолжетімді болады деп жоспарлап отырмыз. Яғни, барлық пациенттердің толық клиникалық деректері қолжетімді болады", – деді Ерболат Оспанов.

Оның айтуынша, азаматтар өз медициналық деректеріне қолжетімділікті өздері басқара алады — кімге, қандай мерзімге және қандай мәліметтерді көрсету керектігін өздері шешеді. Ол жобаның қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігінде әзірлену кезеңінде екенін атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады