Алатаудағы полигондағы өртке байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді

Сурет: Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысының Алатау қаласында қоқыс полигонында шыққан ірі өртке байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 18 қыркүйекте қала әкімдігінде мәлімдеді.

"Алатау қаласында қоқыс полигонында орын алған ірі өртке байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл шешім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қабылданды. Өрт ауқымды аумақты қамтығандықтан, төтенше жағдай режимін енгізу барлық қажетті күштер мен құралдарды – өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды, арнайы техниканы дер кезінде жұмылдыруға және барлық қызметтердің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді. Қабылданған шаралар салдарды жою жұмыстарын жеделдетуге бағытталған", - деп хабарлады әкімдік.

Сонымен бірге жағдай тұрақты бақылауда екені, тұрғындардың өміріне еш қауіп жоқ екені айтылды.

"Барлық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында арнайы тексеріс жүргізіледі.Тұрғындардан сабыр сақтап, ресми ұсыныстарға құлақ асуды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2025 жылғы 15 қыркүйек күні таңертең Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт басталып, оны сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды