Синоптиктер бес қала тұрғындарына ескерту жасады

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстанның бес қаласы тұрғындарына ауа ластанатыны туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" болжамына сәйкес, қолайсыз метеожағдайлар Орал, Алматы, Астана қалаларында, ал түнде Атырау мен Қостанайда күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жерге жақын қабатта жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада жүру уақытын қысқартқаны жөн, әсіресе автожолдардың маңында немесе басқа ластау көздерінің қасында. Ал өкпенің созылмалы ауруларына, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық сырқаттарға шалдыққан адамдарға далада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды