Павлодарда ағалы-қарындасты бауырларға зорлық көрсеткен екі қазақстандық ұзақ мерзімге сотталды

Сурет: Zakon.kz/Ирина Адылканова
Павлодарда Майқайың ауылында тұратын екі азамат кәмелетке толмаған ағалы-қарындасты бауырларға зорлық көрсеткені үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Біреуі 22 жылға, екіншісі 15 жылға темір торға тоғытылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодарда кәмелетке толмаған бауырларға жасалған зорлық-зомбылық ісі бойынша атышулы қылмыстық істің соты аяқталды. Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сот айыптау үкімінің қорытынды бөлігін жариялады.

"Істің барлық материалдарын қарап, зерделей келе, сот айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденген деген шешімге келді. Кінәнің дәлелдері күмән тудырмайды, бұл сараптамалардың нәтижелерімен де расталады. Қылмыс үшін тағайындалған жаза заң талаптарына сәйкес келеді", – деді судья Құдабай Сұлтанов.

Сот процесі жабық режимде өтті, алайда журналистерге үкімнің қорытынды бөлігін жариялау кезінде қатысуға рұқсат берілді.

Белгілі болғандай, 2018 жылы сотталғандардың бірі 10 жастағы қызды зорлаған. Ол кезде қылмыскердің өзі де кәмелетке толмаған болған. Бұл жағдай жалғыз емес — кейін қыздың үлкен ағасы да жәбірленушіге айналған.

Қылмыстар туралы тек 2024 жылдың қарашасында белгілі болды — ол кезде қыз 15 жасқа толып, колледжде оқып жүрген. Тергеу барысында кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған зорлық-зомбылыққа тағы бір адамның қатысы бары анықталып, ол да сотталушылар қатарынан табылды.

2002 және 2001 жылы туған айыпталушылар Қылмыстық кодекстің бірнеше ауыр бабы бойынша — оның ішінде еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауы, зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Сот үкіміне сәйкес, олардың бірі 22 жылға, екіншісі 15 жылға түрмеге қамалады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды