Алматыда тазалық қызметкерлері мен аула сыпырушылардың жалақысы өседі

Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев тәулік бойы тазалау жұмыстары мен аула сыпырушылардың жалақысы өсетіні туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда қаланы санитарлық тазалаудың жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Енді әр ауданға бір мердігер бекітіледі. Ол көшелердің, тротуарлардың, арықтардың, аялдамалардың және жасыл аймақтардың тазалығына толық жауап береді. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Коммуналдық қызметкерлер саны екі есеге артып, 3 175 адамға жетті. Жалақы 170 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін көтерілді. Тәулік бойы үш ауысымдық жұмыс кестесі енгізілді, 300-ден астам жаңа техника алынып жатыр.

"Бұрын бір көшеде бірнеше компания қатар жұмыс істеп, түсініспеушілік туындайтын. Енді "қасбеттен қасбетке дейін" қағидатының енгізілуі тәртіп пен үйлесімділікті жоғарылатады", - деді Алмасхан Сматлаев.

Тексерістердің нәтижесі бойынша әкімдік тек қажетті ресурстары бар бес мердігермен ғана жұмысын жалғастырады. Қалғандары ауыстырылады. Мұндай тәсіл қаланың санитарлық жағдайын едәуір жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды