Шуда ата-анасынан айырылған төрт ағайынды мұрагерлік құқығын сот арқылы шешті

Сурет: pixabay
Жамбыл облысы Шу ауданында ағайындылар ата-анасының қайғылы қазасынан кейін мұрагерлік құқығын сот арқылы дәлелдеуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шу аудандық соты төрт ағайындының қала әкіміне қарсы мұрагерлікті қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы арызын қарады.

Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылы талапкерлер жол апаты салдарынан бір күнде әке-шешесінен айырылған.

"Өсиет болмаған. Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін жылжымалы және жылжымайтын мүліктен тұратын мұра ашылған. Бірінші кезектегі мұрагерлер ретінде талапкерлер нотариусқа мұраны қабылдау және мұрагерлік құқық туралы куәлік беру жөнінде өтінішпен жүгінген. Алайда нотариус алты айлық мерзім өтіп кеткенін алға тартып, өтініштерін қабылдаудан бас тартқан", - делінген Шу аудандық сотының хабарламасында.

Сотқа жүгінген бауырлар мерзімді өткізіп алуды ата-анасынан айырылғаннан кейінгі денсаулық жағдайының нашарлауымен және кейбірінің ұзақ емделуімен байланыстырды. Сот процесінде нотариус шешімді соттың қарауына қалдырған, ал әкімдік өкілі талапты толық мойындады.

"Сот мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алудың негізділігін ескеріп, жауапкердің талапты мойындауын назарға ала отырып, ағайындылардың талабын қанағаттандырды. Мұраны қабылдау мерзімі қалпына келтірілді", ө делінген сот шешімінде.

Аталған шешім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты