Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасының негізгі бағыттарына тоқталды

Сурет: akorda.kz
Қазақстан экономикасы тұрақты даму жолында екенін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өтті. Биылғы жылы еліміздің экономикалық өсімі 6 пайыздан асатыны болжанып отыр, бұл аймақтағы ең ірі экономика ретінде Қазақстанның орнықтылығын дәлелдейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұл жетістіктерге тоқмейілсуге болмайды. Біз ұзақ мерзімді дамуға бағытталған күш-жігерді жалғастырамыз", - деді Президент.

Қазақстанның энергетикалық стратегиясы төрт басты салаға негізделген: мұнай-газ, көмір, уран және аса маңызды минералдар.

"Бұл ресурстар сенімді энергетикалық серіктестіктің негізі бола алады", - деді Мемлекет басшысы.

Президент климат өзгерісі мен «жасыл» күн тәртібі саясатының көмір сияқты энергетикалық ресурстарға бай елдерге кейде қиындық тудыратындығын, алайда заманауи технологиялар көмірді таза түрде пайдалануға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Қазақстан 35 жыл ішінде елді декарбонизациялау міндеттемесін қабылдағанын, бірақ тек жаңартылатын энергия көздеріне толық сенуге болмайтынын атап өтті.

Ауыл шаруашылығы Қазақстанның экономикалық дамуына үлкен үлес қосып отыр. Елдің астық экспорты 12 миллион тоннаға жетіп, әлемдік нарықта маңызды орын алады.

"Көлік инфрақұрылымын дамыту арқылы сауданы кеңейтудің жаңа мүмкіндіктері ашылады", - деді Президент.

Қазақстан сыртқы сауданы әртараптандыруға және орнықтылығын арттыруға басымдық береді. Бұл мақсатта еліміз барлық негізгі халықаралық серіктестер және аймақтағы мүдделі елдермен тығыз жұмыс жүргізуде.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі