Тоқаев Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісін тағайындады

Сурет: mtqb.qr-pib.kz
Тоқаев Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісін тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл қызметке Әлихан Жамсатов келді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Әлихан Қайыргелдіұлы Жамсатов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әлихан Жамсатов 1983 жылы Павлодар облысы Екібастұз ауданы Құдайкөл ауылында дүниеге келген.

2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын "Құқықтану" мамандығы бойынша, 2012 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "Құрылыс" мамандығы бойынша, 2014 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Саясаттану" мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 2004 жылы Павлодар қаласында "Энергоцентр" АҚ-ында заң кеңесшісі болып бастады.

Әр жылдары Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің аппаратында бас маман, заңгер, "Group of Financial Analytics" ЖШС директорының орынбасары, Семей қаласында "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ҰК" АҚ Павлодар облысы бойынша департаментінің менеджері, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2022 жылғы сәуірден бастап "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы" ММ-ін басқарды.

Еске салайық, бұған дейін Бақытжан Сәпиев Президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалғанын хабарлағанбыз.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты