Қазақстандықтарға дайын құжаттарды алу үшін ХҚКО-на барудың керегі жоқ, бірақ...

Сурет: gov4c.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) жұмысына дайын құжаттарды көрсетілген мекенжайға жеткізу қызметін енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 30 қыркүйекте мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі мәлімдеп, жаңа қызметтің егжей-тегжейін бөлісті:

"Қызмет "Халыққа қызмет көрсету бөлімінің менеджері" пилоттық жобасы аясында іске асырылды және корпорацияның фронт-офистерінде қолжетімді. Енді мемлекеттік қызметке өтініш берген кезде ХҚКО қызметкері дайын құжатты таңдалған мекенжайға жеткізуді рәсімдеуді ұсынады. Ол үшін жеткізу деректерін көрсету және банктің мобильді қосымшасы арқылы QR-кодпен қызмет ақысын төлеу жеткілікті".

"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының хабарлауынша, қызметтің құны республикалық маңызы бар қалаларда (Астана, Алматы, Шымкент) – 1990 теңге, өңірлік бөлімшелерде – 1000 теңге.

Курьерлік жеткізу 15 түрлі мемлекеттік қызметке қолданылады. Олардың ішінде:

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, жеткізу қызметін тек ХҚКО-да өтініш берген кезде рәсімдеуге болады.

"Құжат дайын болған кезде азаматқа 1414-тен бірегей коды бар SMS-хабарлама келеді. Кейін курьер қызмет алушымен хабарласып, жеткізу уақыты нақтыланады. Жеткізу кезінде курьер жеке куәлік пен растау кодымен сәйкестендіру жүргізеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жеткізу мәртебесін "ЦОН" мобильді қосымшасындағы (App Store/Google Play) "Құжаттарды жеткізу" бөлімінен қадағалауға болады. Қосымшаға авторизация ЖСН мен телефон нөмірі арқылы жүзеге асырылады.

"Осылайша жаңа қызметтің енгізілуі ыңғайлылықты арттырып, құпиялылықты қамтамасыз етеді. Бұл азаматтарға дайын құжаттарын халыққа қызмет көрсету орталығына қайта бармай-ақ алуға мүмкіндік береді", - деп қорытындылады баспасөз қызметі.

 Қазақстандықтарға курьерлік жеткізу арқылы жіберілетін құжаттардың толық тізімі жарияланды:

Сурет: instagram.com/gov4c.kz

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты