Алматыда Шәкәрім көшесі маңындағы тұрғындар ыстық сусыз қалды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда 2025 жылғы 3 қазанда Алмалы ауданындағы Шәкәрім көшесінде тарату жылу желісінде құбыр зақымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы жылу желілері" авариялық қызметінің мәліметінше, зақымдану 2010 жылы пайдалануға берілген құбырдың коррозияға ұшырауынан болған.

"Алматы жылу желілері" ЖШС-ның авариялық бригадасы диаметрі 200 мм құбыр учаскесіндегі зақымдануды жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Жөндеуге үш бірлік арнайы техника және сегіз адамнан тұратын жеке құрам тартылды", - делінген хабарламада.

Аталған зақымдануға байланысты Шәкәрім – Прокофьев – Құлымбетов – Брусиловский көшелері аумағындағы тұтынушыларға ыстық су беру уақытша тоқтатылды.

Ыстық су беру жөндеу жұмыстары аяқталған соң, шамамен 3 қазан күні сағат 23:00-де қалпына келтіріледі деп жоспарланып отыр.

Компания аталған ауданда тұратын тұрғындарға уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінді.

"Қандай да бір төтенше жағдай (су ағуы, бу шығуы және т.б.) туындаған жағдайда өз бетінше әрекет жасамауды және бірден мына нөмірлерге хабарласуды қатаң түрде ұсынамыз: +7 (727) 378-06-65 (тәулік бойы), +7 (727) 341-07-77 (08:00–18:00 аралығында) немесе 109", - деп ескертті мекеме.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты