Павлодар маңындағы жантүршігерлік жол апатынан екі адам опат болды

Сурет: unsplash
Павлодар маңындағы жантүршігерлік жол апатында минивэн жылқыны қағып кетті. Екі адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жол-көлік апаты туралы хабарлама 2 қазанда сағат 22:28-де келіп түсті. 

"Ақсу көпірінен кейінгі тасжолдағы жол апатына медициналық бригада тоғыз минутта жетті. Шамамен 45 жастағы ер адамның және 65 жастағы әйел ауыр жарақат алып, қайтыс болды. 40 жастағы жүргізуші түрлі жарақаттармен қалалық №1 ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Полиция жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Атамекен ауылының маңында 17 шақырым жерде "Павлодар-Қызылорда" автожолында Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай жылқыға соғылып, соның салдарынан автокөлік кюветке аударылды. Тергеу аясында жылқы иесінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін, әсіресе көлік көп жүретін жерлерде қатаң сақтау және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін ескертті.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты