Жамбыл облысында 24,5 миллион теңгенің малын ұрлаған топ мүшелері сотталды

Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысында 24,5 миллион теңгенің малын ұрлаған топ басшысы 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талас ауданы полиция бөліміне осы аудан тұрғындарының шаруа қожалықтарына тиесілі түйе, жылқы және сиыр малдарын ұрлау фактілері бойынша бірнеше арыз түскен.

Прокуратураның үйлестіруімен облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы және Талас аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде өңірде мал ұрлығын кәсіп еткен топтың әрекеті әшкереленді.

Талас пен Мойынқұм аудандарының 42, 48, 33 және 30 жастағы бес тұрғыны алдын ала сөз байласу арқылы 2024 жылғы ақпаннан бастап бір жылдан астам уақыт бойы жайылымдардан 38 бас түйе, 16 бас жылқы және бір бас сиырды заңсыз иемденген.

Келтірілген жалпы материалдық шығын — 24 млн 550 мың теңге. Тергеу барысында ұрланған малдың басым бөлігі табылып, иелеріне қайтарылды.

Барлық фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 188-1-бабымен (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды. Сот үкімімен қылмысты ұйымдастырушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды, ал оның үш сыбайласына 3 жылдан шартты түрде, біреуіне 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды