Қазақстанда "Орталық Азия – Ресей" форматындағы алғашқы ректорлар форумы өтпек

Сурет: freepik
Мемлекет басшысы "Орталық Азия – Ресей" форматындағы алғашқы ректорлар форумын Қазақстанда өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы орайда, жоғары білім саласындағы байланысты дамытудың мәні ерекше арта түсті. Бүгінде Қазақстанның 60 университеті Ресейдің 50 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан. Ресейде 60 мыңнан аса қазақстандық студент оқиды.

"Елімізде Ресейдің жетекші оқу орындарының 9 филиалы жұмыс істейді. Олардың қатарында биыл пайдалануға берілген Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының филиалы да бар. Былтыр Қазақстанда Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының филиалы өз жұмысын бастады. Өз кезегінде Бішкек, Ош, Ташкент қалаларында қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдары студенттер қабылдады. Омбы мемлекеттік университеті базасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының ашылуы маңызды оқиғаға айналды. Бұл – Ресейдегі алғашқы шетелдік оқу орнының өкілдігі". Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы осы салада сындарлы қарым-қатынас орнатқаны үшін әріптестеріне ризашылық білдірді.

"Елдеріміз арасында ғылым-білім саласы бойынша тығыз байланыс орнағанын ескеріп, "Орталық Азия – Ресей" форматындағы алғашқы ректорлар форумын Қазақстанда өткізуді ұсынамын. Қазіргі жағдай ықпалдастықты цифрлық форматта белсенді дамыту қажет екенін көрсетіп отыр. Осы орайда "Орталық Азия – Ресей" цифрлық кітапханасы" бірлескен білім беру онлайн-платформасын ашуға мүмкіндік мол деп ойлаймын. Мұнда университеттеріміздің курстары мен дәрістері, архивтері қолжетімді болуға тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды