Алматыда тергеу изоляторына құрманың ішіне есірткі жасырып өткізбек болған

Сурет: polisia.kz
Алматыда тергеу изоляторына құрманың ішіне есірткі жасырып өткізбек болған күдікті анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №72 мекемесінде тіркелген.

ҚАЖД мәліметінше, мекеменің қабылдау-тапсыру бөлмесінде өзіндік қауіпсіздік бөлімі мен жедел топ қызметкерлері бірігіп, тергеу қамауындағы азаматқа жеткізілген сәлемдемені тексеру барысында құрманың ішіне жасырылған өткір иісті белгісіз ұнтақты анықтаған.

Сәлемдеме әкелген азамат өз сөзінде курьер екенін айтып, пакеттің ішінде не барын білмегенін алға тартқан. Оқиға бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің Түрксіб аудандық полиция басқармасынан арнайы топ шақыртылған.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша материалдар жинақталып, әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қарастырылып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз