Қаскелеңде 21 жастағы қызды өлтіріп кетті

Сурет: instagram/kaskelenkz
Қаскелең қаласында 20 жастағы күдікті жас қызды өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат 15 қазан күні әлеуметтік желілерде жарияланған. Ал бүгін, 16 қазанда Алматы облысының полициясы оқиғаға қатысты ресми түсінік берді.

"Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 20 жастағы күдікті анықталып, ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол жасаған қылмысқа қатысы барын мойындады. Қазір оқиғаға байланысты барлық мән-жайды жан-жақты, толық және объективті анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

"Қазгидромет" үш қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады