Қазақстанда арзан ипотекалық несие көлемі ұлғайтылады

Сурет: Zakon.kz
Президент тапсырмасын орындау аясында Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың жағымсыз салдарын азайту шараларын қабылдай бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сол шаралардың бірі — ипотекалық бағдарламаларға қатысты.

"Базалық мөлшерлеменің жоғарылауына байланысты екінші деңгейлі банктердің ипотекалық өнімдері азайған жағдайда тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесін қолдау туралы шешім қабылданды. Осы мақсатта халыққа арналған арзан ипотекалық несиелендіру көлемі екі есеге арттырылады. Бұл тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған шара "Наурыз" және "Наурыз-Жұмыскер" бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады, олардың несиелеу көлемі 500 млрд теңгеге дейін ұлғаяды", - делінген Үкіметтің 2025 жылғы 16 қазандағы хабарламасында.

Бұдан бөлек, жыл сайын кемінде 7 мың әскери отбасының екінші нарықтан баспана алуына мүмкіндік беретін "Әскери баспана" бағдарламасын қайта іске қосу жөнінде шешім қабылданды.

"Құрылыс компанияларымен осы бағдарламалар аясында салынатын тұрғын үйлерге қатысты оффтейк-келісімшарттар жасалады. Өз кезегінде құрылыс салушылар үш жылға бағаны тұрақтандыру жөнінде міндеттеме алады", - деп мәлімдеді Үкімет.

Еске салайық, 16 қазан күні таңертең Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновке апта соңына дейін азаматтардың мүддесін көздейтін Үкімет әзірлеген экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысын реттеуге арналған нақты шаралар жоспарын ұсынуды тапсырған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды