Үкімет жаңа Салық кодексіне көшу шарттарын жеңілдетеді: бизнес тексерістерден босатылады

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 16 қазанда Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет мүшелерінің қатысуымен кеңес өткізіп, онда бірқатар маңызды шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шағын және орта бизнестің жұмысына жаңа Салық кодексінің теріс әсерін азайту мақсатында жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануға қойылған артық шектеулер алынып тасталады.

Тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімінде қазіргі заңнамадағыдай тек 44 бағыт қана сақталады.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық әкімшілендіру «таза парақтан» жүргізіледі. Бұл микро және шағын бизнеске қатысты мынадай жеңілдіктерді көздейді:

Бұған қоса, 2026 жылғы 1 сәуірге дейін негізгі салық қарызын өтеген жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдар кешіріледі. Сондай-ақ қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу шегінен асып кеткен салық төлеушілерге әкімшілік жауапкершілік қолданылмайды.

Үкімет сонымен бірге салық төлеушілерге арналған жеңілдетілген тәртіппен есептен шығару акциясын өткізуді жоспарлап отыр. Бұл рәсім салық және әділет органдарында камералдық бақылаусыз әрі тексеріссіз жүргізіледі.

Мемлекет жаңа Салық кодексін кезең-кезеңімен енгізу және салықтық әкімшілендіруді жеңілдету кәсіпкерлер үшін айтарлықтай қолайлы жағдай жасайды деп отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды