Алматыда Баум тоғайында ағаштарды заңсыз кесу фактісі анықталды

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласында Баум тоғайында ағаштарды заңсыз кесу дерегі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Экология және қоршаған орта басқармасына қарасты "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі мәліметінше, 25 қазаннан 26 қазанға қараған түні белгісіз адамдар үшкір жапырақты үйеңкі мен ақ қараған ағаштарын заңсыз кескен. Сондай-ақ негізінен майда жапырақты қарағаш тұқымдасына жататын 11 ағаштың кесуге дайындалғаны анықталған.

Оқиға орнынан екі қол ара мен бір бензин ара табылды. Басқарма өкілдерінің айтуынша, 24 қазан күні мұндай құқықбұзушылықтар тіркелмеген.

Қазіргі уақытта кезекші инспектор табиғат қорғау полициясына тиісті арыз жолдаған.

Оқиға бойынша тиісті тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады

Қазақстанда қандай отбасылар C, D және E санаттарына жатқызылады және олар 2027 жылы жәрдемақы ала ма

Алматы тауларынан қару мен оқ-дәрі табылды

Әл-ауқат санаттары калькуляторы алимент пен жәрдемақы түріндегі "табысты" есепке алады ма - министр жауабы