Елде ішкі нарықты қамтамасыз етуге жеткілікті астық бар – Ауыл шаруашылығы министрлігі

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 29 қазанда Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мәжіліс кулуарында 2025 жылғы астық түсімінің сапасы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Азат Сұлтановтың айтуынша, биылғы жылы бидай мен арпа сияқты дәнді дақылдарды жинау жұмысы еліміздің барлық өңірлерінде дерлік аяқталды.

"Қызылорда облысында күріш, ал оңтүстік өңірлерде — Алматы және Жетісу облыстарында жүгері жинау ғана қалды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Ал бидай бойынша орақ жұмысы іс жүзінде барлық аймақта аяқталды", – деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, биыл ауа райы мен климаттық жағдайларға байланысты елеулі шығындар тіркелмеген.

"Егіс алқаптарынан бүкіл өнім жиналды. Әрине, кейбір өңірлерде сапаға әсер еткен факторлар болды, бірақ астық қабылдау кәсіпорындарына түскен дәннің шамамен 60%-ы – үшінші сыныпты бидай, яғни бұл — тағамдық мақсаттағы бидай. Сондықтан жиналған 27 миллион тонна астық ішкі нарықты нанмен, ұнмен және макарон өнімдерімен толық қамтамасыз етуге жеткілікті", – деді Азат Сұлтанов.

Бұған дейін Қазақстанда тіркелмеген мал үшін "штрафтық тұрақтар" енгізілетіндігін жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі