Алматыда тағы бір құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 29 қазанда Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасы тағы бір компанияның құрылыс лицензиясынан айырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл – "СК 7 Строй" ЖШС.

"Мердігер бірден бірнеше қалалық объектілерде жұмыс жүргізген, атап айтқанда, №112 жалпы білім беретін мектеп ғимаратына қосымша құрылыс және Ауэзов ауданындағы абаттандыру объектілері. Барлық объектілер бойынша жоспардан тыс тексерулер өткізілді, нәтижесінде құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде жобалық шешімдерден ауытқу және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді сақтамау сияқты бұзушылықтар анықталды", – делінген таралған ақпаратта.

Нәтижесінде "СК 7 Строй" ЖШС компаниясына құрылыс қызметін жүзеге асыру лицензиясынан айыру бойынша әкімшілік шаралар қолданылды.

Бұған дейін Астанада көлік нөмірі мен жүргізушінің жеке басын анықтай алатын жаңа камералар орнатылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз