Тоқаев үстел теннисінен әлемдік жұлдыздардың қатысуымен өтіп жатқан шоу-матчты тамашалады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Кубогының негізгі шараларының бірі – үстел теннисінен әлемдік жұлдыздардың қатысуымен өтіп жатқан шоу-матчты тамашалады.

Сурет: akorda.kz

Президент Олимпиада чемпионы Сюй Синь (ҚХР), Әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жүлдегері Шлагер Вернер (Аустрия), Әлем чемпиондары Фан Бо (ҚХР) және Чу Се Хек (Корей Республикасы) сияқты үстел теннисінің майталмандарымен әңгімелесті.

Сурет: akorda.kz

Алғаш рет өткен турнирге әлемнің 14 елінен 300-ден аса спортшы қатысып жатыр. Олардың арасында ITTF рейтингісі бойынша ең үздік 100 теннисшінің қатарына енген ойыншылар мен Қазақстанның танымал спортшылары бар.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз