Олеся Кексель екі айға үй қамаққа алынды – Бас прокуратура

Сурет: gov.kz
2025 жылғы 30 қазанда Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Сенаттағы брифингте халық арасында жемқорлықлармен күрестегі жұлдық атанған Олеся Кексельдің ісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Спикердің айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Тергеу департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Олеся Кексель азаптау фактілері бойынша айыпталып отыр.

"Өздеріңізге белгілі, азаптау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Жуырда соттың санкциясымен оған екі ай мерзімге үй қамаққа алу бұлтартпау шарасы қолданылды", – деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Еске сала кетсек, 2021 жылғы 16 қарашада Ішкі істер министрлігі Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты азаптау туралы арыз бойынша тергеу бастаған болатын. Ал 2021 жылғы 21 қарашада іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылғаны хабарланған.

Олеся Кексель кезінде бірқатар ірі сыбайлас жемқорлық істерін тергеумен айналысқан. Соның ішінде: – бұрынғы Премьер-министр Серік Ахметовтың ісі, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің ісі, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрайымының міндетін атқарған Лариса Пактың ісі бар.

Қазақстан
Кексель Олеся

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты