Қазақстанда 660 мыңнан астам шетелдік уақытша тұрып жатыр

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 31 қазанда ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов шетелдіктер үшін Қазақстанның инвестициялық және туристік тартымдылығын арттыру бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанға 12,3 миллионнан астам шетел азаматы келген. Алайда олардың бәрі елде тұрақтап қалмайды – көпшілігі елден қайта шығып кетеді немесе Қазақстан арқылы транзитпен өтеді.

"Қазіргі уақытта елде 223 мың шетел азаматы тұрақты тұрады, олардың 80 мыңы – қандастар. Ал жыл басынан бері 660 мыңнан астам шетелдікке уақытша тұруға рұқсат берілді, олардың шамамен 90%-ы еңбек ету мақсатында келген", – деді Аталықов.

Ол сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзғандарға қатысты қатаң шаралар қолданылып жатқанын атап өтті.

"Заң мен тәртіпті қамтамасыз ету шаралары биыл да жалғасуда. Көші-қон саласындағы заң талаптарын бұзғаны үшін 70 мың шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 4,7 миллиард теңгеден асты. Жалпы алғанда, биыл 306 мың шетелдікке әкімшілік шара қолданылып, олардың 14 мыңы ел аумағынан шығарылды", – деді комитет басшысы.

Аслан Аталықовтың мәліметінше, жыл басынан бері 3 мыңнан астам жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 359 миллион теңгеден асты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс