1 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде тұман, екпінді жел және өрт қаупі күтіледі

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" мәліметінше, 1 қараша күні Қазақстанның көптеген облыстарында ауа райы тұрақсыз болады. Бірқатар өңірлерде тұман түсіп, кей жерлерде қатты жел соғады. Таулы аймақтарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 01 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 01 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 01 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 01 қарашада оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының түнде солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 01 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 01 қарашада батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 01 қарашада батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Өскемен қ.: 01 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Абай облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 01 қарашада жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде, шығыстан, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 01 қарашада түнде және таңертен тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз 15-20 екпіні 23-28 м/с. Павлодар қ.: 01 қарашада Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз 15-20 екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. 01-03 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Талдықорған қ.: 01 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел