Алматы – Бішкек тасжолында үш көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

Сурет: видео скрині
2025 жылғы 1 қарашада сағат шамамен 07:15-те Қарасай ауданындағы Алматы – Бішкек тасжолының 41-шақырымында үш көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Lexus RX300 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Land Cruiser 100 және Toyota Camry автокөліктерімен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан барлық жүргізушілер мен жолаушылар түрлі жарақаттармен Қаскелең қалалық ауруханасына жеткізілді", - деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерден абай болуды, жылдамдық режимі мен жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз", - деп ескертті полиция өкілдері.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды