Үш алматылық қазақстандықтардың құмар ойынға әуестігін пайдаланып, 116 млн теңге табыс тапқан

Сурет: wikimedia
Алматыда онлайн-құмар ойындарын — PokStars және LuckyShark-ті заңсыз ұйымдастыру ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы мониторингі агенттігі 6 қарашада мәлімдегендей, ойынға қатысу үшін ставкалар банк аударымдары арқылы қабылданып, кейін қатысушыларға логин, пароль және құмар ойындарына кіруге арналған сілтеме берілген.

"Ақша операциялары туыстары мен үшінші тұлғалардың, соның ішінде шетел азаматтарының (дропперлердің) атына рәсімделген банк карталары арқылы жүргізілген. Жаңа ойыншыларды тарту үшін әлеуметтік желілерде ойын клубын жарнамалайтын таргеттелген жарнама пайдаланылған. Сот үкімімен үш кінәлі адам 2 жыл 6 айдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Мемлекет пайдасына 116 млн теңге көлеміндегі заңсыз табыс пен Zeekr маркалы автокөлік тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

ҚМА атап өткендей, соңғы екі жылда заңсыз ойын бизнесімен күрес аясында:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды