Синоптиктер еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескертті

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер бүгін, 2025 жылдың 9 қарашасында Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2025 жылдың 9 қарашасында Атырау және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанған", делінген синоптикалық болжамда.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мұндай жағдайда қала тұрғындары, әсіресе көлік жолдары мен басқа да ластану көздерінің маңында жүру уақытын күрт қысқартуы тиіс. Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыр немесе аллергиялық аурулары бар адамдар далаға шыққанда өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін бірге ала жүруі керек.

Бұған дейін Астанада және еліміздің 13 өңірінде қар, жел және көктайғаққа байланысты дауылды ескерту жасалған болатын.

Атырау
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты