Қазақстандықтарға алаяқтықтың кезекті түрі туралы ескертілді

Фото: pexels
Қазақстандықтарға алаяқтардың жаңа айла-тәсілі жайлы ескертілді. Бұл жолы қаскөйлер жұмыс іздеушілерді нысанға алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 10 тамызда Абай облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Интернет-алаяқтар танымал платформаларда және әлеуметтік желілерде минималды талаптармен жоғары табыс ұсына отырып, жұмысқа орналасу туралы хабарландырулар жариялайды. Жауап бергеннен кейін, іздеушілерге жалған сайттарға сілтемелер, жеке деректерді жинауға арналған сауалнамалар жіберіледі немесе зиянды бағдарламалық қамтылымы бар "жұмыс істеуге арналған мобильді қосымшаны" орнатуды ұсынады",- деп ескертті полицейлер.

Осылайша, зиянкестер банктік деректерге, мессенджерлерге және құрылғыны басқаруға мүмкіндік ала алады.

Сонымен қатар, шетелде жұмыс істеу туралы жалған ұсыныстар да өзекті болып қалуда. Азаматтарды IT, модельдік, қонақ үй бизнесі саласында немесе call- орталықтарға жұмысқа орналасу түрімен шетелге әкету үшін жалдайды, онда олар еңбек және сексуалдық құлдықта болуы, қанауға және зорлық- зомбылыққа ұшырауы мүмкін.

"Кейбір жағдайларда зардап шеккендерді басқа азаматтарды мәжбүрлеп алдау немесе дене мүшелерін трансплантациялау схемаларында пайдаланады",- делінген ақпаратта.

Қылмыскерлердің құрбаны болмау үшін келесілер ұсынылады:

Бұған дейін Қазақстанның орталық өңірін аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы бекітілгенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек