Алматының Алатау ауданында электр қуаты қашан беріледі

Сурет: unsplash
Алматының Алатау ауданында электр қуаты қашан қайта қосылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мәліметінше, 13 қараша күні шамамен 18:00-де жоғары кернеулі желілерде болған апат салдарынан бірқатар шағынаудан жарықсыз қалды.

Апат "MAGNUM E-COMMERCE KAZAKHSTAN" ЖШС тапсырысы бойынша МП ГазЭнерджи ЖШС жүргізген газ құбырын көлденең бағытта бұрғылау (ГНБ) әдісімен төсеу жұмыстары кезінде болған.

"Түні бойы мамандар күшейтілген режимде жұмыс істеді. 00:15-те бір желі толық қалпына келтіріліп, бірқатар тұтынушыға электр қуаты берілді, - делінген хабарламада.

14 қараша таңертең жарық Саялы, Ақбұлақ, Зерделі шағынаудандарына, сондай-ақ Софья, Арена Парк тұрғын үй кешендеріне және ішінара Ақкент пен Дарабоз тұрғын үй кешендеріне берілді.

Қазіргі таңда жарықсыз қалып отырған аумақтар: Теректі шағынауданы (5 көше), Алғабас шағынауданы (5 көше), Ақкент шағынауданындағы 10 үй, Нұркент шағынауданындағы 14 үй.

Қазір зақымданған аумақты қалпына келтіру мақсатында қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Жер қазу жұмысы аяқталғаннан кейін бригадалар муфта орнатып, желіні толық қалпына келтіруге кіріседі. Бүгін 18:00-ге дейін электр қуатымен жабдықтау толық қалпына келтіріледі", - деп хабарлады компания.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді