Павлодар тұрғыны өз жер учаскесінде 150 түп марихуана өсірген

Сурет: polisia.kz
Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел уәкілдері облыстық прокуратураның үйлестіруімен есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікке ілінген жергілікті тұрғынды анықтап, қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлеріне күдіктінің заңсыз есірткі айналымына қатыстылығы туралы ақпарат түскен. Тексеру кезінде оның көкөніс өсіруге арналған жер учаскесінен 150 түп каннабис бұтасы және осы өсімдіктің кептірілген бөліктері табылды.

"Ер адам өсімдікті жеке тұтыну үшін еккенін және өсіргенін мойындады. Табылған бұталар мен олардың кептірілген бөліктері сараптамаға жіберілді. Сараптама нәтижесі бойынша олардың жалпы салмағы 30 келіден асатын есірткі заты екені анықталды. Құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Полиция азаматтарды заңсыз есірткі айналымына қатысты кез келген дерек туралы тәулік бойы 102 нөміріне немесе"Police 102" мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға үндеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті