5G өндірісте. Қазақмыс пен ISKRATEL цифрлық трансформацияны жеделдету үшін күш біріктіреді

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы
Қазақмыс пен словениялық ISKRATEL (Kontron) компаниясы Цифрлық технологиялар мен телекоммуникация саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Серіктестік байланыс және 5G бойынша заманауи шешімдерді енгізуге, өнеркәсіптік заттар интернетін (IIoT) дамытуға және "Қазақмыс" компаниялар Тобының кәсіпорындарында киберқауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.

Келісімнің басты мақсаты – тек тәжірибе алмасу емес, нақты нәтижеге қол жеткізу: шығынды азайту, тиімділікті арттыру және өндіріс алаңдарында цифрлық жаңғыртуды жеделдету.

Ынтымақтастық кәсіпорын жұмыскерлеріне де пайдалы болады. Жаңа технологияны енгізудің арқасында бөлімшелер арасындағы байланыс тұрақталады, жабдық сенімдірек жұмыс істейді және еңбек қауіпсіздігі артады. Заманауи бақылау жүйесі өндірістегі ақауларды жедел анықтап, қауіп-қатердің алдын алуға көмектеседі. Бұл дегеніміз – жұмыстың тоқтап тұруы азаяды, қауіпсіздік артады және ертеңгі күнге деген сенім күшейеді.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы

Келісім аясында тараптар 5G технологиясын өнеркәсіптік сынақтан өткізеді, оның тиімділігі мен қолданыстағы инфрақұрылыммен үйлесімділігін бағалайды. Бұл адамдарға да, өндіріске де нақты пайда әкелетін шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар компаниялар байланыс мониторингі мен бақылау жүйелерін енгізумен де айналысады, бұл ақпараттық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттырады.

Серіктестік тиімді коммерциялық шарттарды және ілкі жобалардан бастап ауқымды өндірістік енгізулерге дейінгі ұзақ мерзімді ынтымақтастық бағдарламасын қалыптастыруды көздейді.

ISKRATEL компаниясымен ынтымақтастық байланыстың жаңа стандарттарына жылдам өтуге, жабдықтың сенімділігін арттыруға және "Қазақмыс" корпорациясының тұрақты технологиялық дамуына мүмкіндік береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді