Жетісайдағы трагедия: тірі қалған бала ауыр хәлде

Фото: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев 2025 жылғы 27 қарашада сенат аясында Түркістан облысындағы өрт кезінде зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Еске салсақ, 18 қарашада Түркістан облысындағы Алғабас ауылында 12 адамның өмірін жалмаған алапат өрт болды. Қаза тапқандардан бөлек, үш адам ауруханаға түскен болатын.

"Бүгінде тірі қалған екі ересек адамның жағдайы тұрақты. Барлық зардап шеккендер Шымкентке ауыстырылды, қажетті көмекті толығымен алуда. Баланың жағдайы ауыр хәлде қалып отыр",- деді Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, Алматыдан мамандар қосылған.


"Олар үнемі кеңес береді, емдеу шараларын ауыстырып, жағдайды бағалады. Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселені үнемі қадағалап отыр",-деді вице-министр.

Қайғылы оқиға 2025 жылғы 18 қарашада таңертең болды. Онда жеке үйде өрт шығып, бір әулеттің 12 мүшесі тіл тартпай кетті, олардың тоғызы бала болатын. Жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайғыра көңіл айтып, Үкіметке қажетті шаралар қабылдауға тапсырма берді.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды