Алматыдағы бірнеше ірі сауда желісі бағаны негізсіз өсірген

Сурет: Zakon.kz
Алматы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемесін арттырған кәсіпкерлерге 32 млн теңгеден астам айыппұл салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы бойынша сауда және тұтушылардың құқығын қорғау департаменті жыл басынан бері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабына сәйкес, Small, JLC, Galmart, Toimart, My Mart сауда желісі, А-стор, Беккер, супермаркет Carefood, Food Beverage Trading ЖШС, Airba Fresh ЖШС, Good Luck Trade ЖШС, Mix Market Trade ЖШС және басқа да кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіп, 420-дан астам кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Мәселен, ҚР ӘҚБтК 204-4-бабының 2-бөлігіне сәйкес "Метро" ірі сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесін асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. "Метро Кэш энд Керри" ЖШС Департамент шығарған әкімшілік шешімге барлық сот инстанцияларында, соның ішінде кассациялық тәртіппен шағымданды, бірақ нәтиже болмады, өйткені департаменттің әрекеттері заңды", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, "Метро" сауда желісі белгіленген сауда үстемесі үшін әкімшілік жауапкершілікке бірінші рет тартылып отырған жоқ. Бұған дейін 2024 жылы "Метро Кэш энд Керри" ЖШС сауда үстемесі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын, сондай-ақ, Департаменттің әкімшілік шешіміне сот тәртібімен шағымданды, нәтижесінде кәсіпкерлік субъектісіне талаптарды қанағаттандырудан, оның ішінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотымен бас тартылды.

Сондай-ақ, Алматы қаласының Small және Toimart сияқты ірі сауда желілері сауда үстемесінің 15% асқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Одан бөлек Департамент мемлекеттік бақылау функцияларын іске асыру бойынша кешенді іс-шараларды өткізген кезде, SMALL сауда желісін сот ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша, мемлекеттік бақылау функцияларын орындауы кезінде Департаменттің лауазымды тұлғаларына кедергі келтіргені үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартты.


"Қазіргі уақытта үй жанындағы дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын жосықсыз кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты