Қостанай облысында қабанның денесін сүйреп бара жатқан ер адам жазаланды

Сурет: polisia.kz
Қостанай облысында заңсыз аңшылық фактісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Ақбөкен" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полицейлер орман шаруашылығының шеберімен бірге көлдің маңында жүрген ер адамды байқайды. Ол жаяу жүріп, жағалаумен ірі аңның денесін сүйреп бара жатқан. Тексеру барысында оның қабанды өзіне тіркелген мылтығымен атып алғаны анықталды.

"Аңшы тек қоян ауламақ болғанын, ал қабанды көргенде атып жібергенін айтқан", - деп хабарлады полиция.

Оның қабан аулауға арналған лицензиясы болмаған. Қыркүйектен желтоқсанға дейін өңірде бұл аң түрін аулау маусымы ашық болғанымен, аңшының арнайы рұқсат құжаттары болуы міндетті.

"Ондай рұқсатсыз жасалған әрбір оқ заң бұзушылық болып саналады. Лицензия рәсімдеуге қойылатын талаптар — жай ғана формалды емес, жануарлар популяциясын бақылау мен браконьерлікке қарсы күрестің құралы". ҚР ІІМ

Аталған азамат заңсыз аң аулау бабы бойынша жауапқа тартылды.

Полиция аңшылыққа шығар алдында барлық құжаттың дұрыс рәсімделгеніне көз жеткізу қажет екенін ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз