Ақтөбеде өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші үшінші рет ұсталды

Сурет: primeminister.kz
Ақтөбеде өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші үшінші рет ұсталды, бұл жолы ол бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Патрульдік полиция қызметкерлері қызмет атқару барысында жол қозғалысы қағидаларын бұзған Toyota Sienna автокөлігін тоқтатты.

Көлікті басқарған 32 жастағы жүргізушінің қылықтары мен сырт келбеті полицейлердің күдігін туғызды. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның есірткіге мас болғаны анықталды. Жүргізушінің жеке басын тексеру барысында оның мұндай құқық бұзушылыққа алғаш рет жол бермегені белгілі болды.

2023 жылы аталған азамат есірткілік масаң күйде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылып, 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылған. Алайда тыйымға қарамастан, 2024 жылы ол қайтадан есірткілік масаң күйде көлік жүргізіп, сот шешімімен 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды және өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды.

"Қатаң шараларға қарамастан, ер адам тағы да заң талабын елемей, көлік тізгінін ұстап, айналасындағылардың өміріне қауіп төндірген. Құқық бұзушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп хабарлады полиция.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адамға бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін