Қарағандылық кәсіпкер тұрғындардан 786 млн теңгеден астам қаржыны алдап алған

Фото: Zakon.kz
Қарағандылық кәсіпкер тұрғындарды алдап, 786 млн теңгеден астам қаражатқа шығын келтірген, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл көктемде Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне қала мен облыс тұрғындары, сондай-ақ көршілес өңірлерден әлеуметтік желілер арқылы тауар сатамын деп алдаған әйелге қатысты көптеген арыздар түсті. Күдіктінің интернеттегі жарнамаларында ыдыс-аяқтан бастап жиһазға дейінгі тауарлар өте төмен бағамен ұсынылып, алдын ала төлем алған соң ол байланысын үзіп отырған.

Жүзден астам шағым түскеннен кейін полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол – Астананың 37 жастағы тұрғыны.

Сотқа дейінгі тергеу барысында жалпы саны 430 жәбірленуші анықталып, жиналған дәлелдер күдіктінің адамдарды алдап, ірі көлемде шығын келтіргенін толық растады. Келтірілген залал көлемі 770 млн теңгені құрады. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Алайда сот процесінің өзі алаяқты тоқтата алмады. Қазіргі уақытта полицияға жаңа жәбірленушілерден тағы 13 өтініш түсті. Олардың шығын сомасы – 16 млн теңге. Осы деректерді ескерсек, жалпы келтірілген залал көлемі қазіргі таңда 786 млн теңгеге жетті.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз