Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

Сурет: polisia.kz
Алматы қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел ақпаратты тексеру барысында есірткі құралдарын заңсыз сақтады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есірткі заттарын сақтау немесе тарату фактілері өрескел қылмысқа жатады.

"Біздің міндетіміз – мұндай құқық бұзушылықтарды ерте кезеңде анықтап, күдіктілерді оқшаулау арқылы қала тұрғындарына келуі мүмкін қауіптің алдын алу. Полиция Алматы көшелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді".Алматы қаласы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дархан Әбіқұлов

Тексеру барысында күдіктіден өсімдік тектес есірткі – гашиш тәркіленді. Аталған затқа тиісті сараптама тағайындалды. Ер адам тергеу амалдарын жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция азаматтарды есірткіге қатысты кез келген күмәнді әрекеттер туралы дереу хабар беруге шақырады және мұндай заттарды сақтау мен тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді