Қарағандыда есірткіні жасырын қойып кетуші қылмыс үстінде қолға түсті

Сурет: polisia.kz
Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі заттарын заңсыз таратты деген күдікпен ауылдық елді мекеннің 19 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктіні ұстау жедел ақпарат негізінде жүзеге асырылды. Жас жігіт есірткі заттарын жасырып жатқан сәтінде қылмыс үстінде қолға түсті.

Жеке тінту барысында одан есірткі заты бар екі орама тәркіленді. Тергеу барысында күдіктінің қала аумағының әртүрлі бөліктерінде осындай 18 ораманы жасырғаны анықталды. Ұсталған азаматтың телефонынан табылған куратормен жазысқан хат-хабарлардағы мәліметтердің көмегімен полиция қызметкерлері жасырылған орындардан тағы 13 ораманы тауып, тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат эфедрон екені белгілі болды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті тергеу іс-шаралары аяқталғанға дейін қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз