Жетісу облысында полицейлер мал ұрлығымен айналысқан күдіктілерді анықтады

Сурет: polisia.kz
Ескелді ауданында полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұсақ мал ұрлығымен айналысқан топтың қылмыстық әрекетіне тосқауыл қойды. Алғашқы қылмыс дерегі Ешкіөлмес ауылында тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

9-нан 10 желтоқсанға қараған түні белгісіз адамдар жеке тұрғын үйдің ауласынан төрт бас ұсақ малды ұрлап, жәбірленушіге 460 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Араға аз уақыт салып, Алдабергенов ауылының тұрғыны полицияға арызданды.

Оның айтуынша, түнгі сағат бір шамасында қаскөйлер шаруа қожалығының қора-жайына заңсыз кіріп, он бас қойды қолды еткен. Келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрады.

Қылмыстық әрекеттерімен тоқтамаған күдіктілер 2025 жылғы 13-14 желтоқсан аралығында Алдабергенов ауылында тағы да ұрлық жасаған. Бұл жолы шаруашылық құрылыстан 13 бас ұсақ мал ұрланып, келтірілген шығын бір миллион теңгеден асты.

Полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрі кәсіби жұмысының нәтижесінде күдіктілер анықталып, қолға түсті. Олар — Алматы облысының 35 жастағы тұрғыны және Ескелді ауданының 33 жастағы жергілікті тұрғыны екені анықталды.

Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жалғасуда. Полиция қызметкерлері олардың өңір аумағындағы басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы барын тексеріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды