ШҚО-да полицейлер 26 жыл бұрын жасалған аса ауыр қылмысты ашты

Сурет: polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті бірнеше қарулы шабуыл жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған екі аса қауіпті қылмыскердің 1999 жылы желтоқсанда Зайсанда жасалған қатігез адам өлтіру мен қарақшылық фактісіне қатысы барын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға болғаннан кейін полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Алайда қылмыскерлер қашып үлгерген.

Арада жылдар өткеннен кейін полиция мен тергеу органдары жұмысының, сондай-ақ облыстық прокуратураның қолдауы арқасында қылмыстық оқиғаның барысы айқындалып, күдікті тұлғалар анықталды.

Тергеу жұмыстары көрсеткендей, екі ер адам ірі олжа табу мақсатында жергілікті тұрғынның үйіне баса-көктеп кірген. Үйден бағалы зат таппаған қаскөйлердің бірі 26 жастағы ер адамды аса қатігездікпен пышақтап өлтірген.

Сол сәтте үйде болған 77 жастағы әйел адамды қылмыскерлер соққыға жығып, электр сымымен орындыққа байлап кеткен. Олар оқиға орнынан 12 калибрлі қос ұңғылы аңшы мылтығын, "ИЖ-53М" пневматикалық тапаншасын және бейнемагнитофонды ұрлап кеткен.

Сурет: polisia.kz

Қазіргі уақытта екі айыпталушы да 2002 жылдың желтоқсанында бірқатар қарақшылық шабуылдар мен адам өлтіру фактілері бойынша тағайындалған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті "Адам өлтіру", "Қарақшылық", "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" және "Қаруды заңсыз иемдену" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен, аталған үкім бойынша тағайындалған жазаларды ішінара қосу арқылы, екі сотталушының әрқайсысына қылмыстар жиынтығы бойынша мүлкі тәркіленіп, төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза кесілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін