"Павлодар – Омбы" автожолында жол апатынан екі адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жантүршігерлік жол апаты салдарынан екі жүргізуші оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 27 желтоқсан күні "Павлодар – Омбы" автожолының Бобровка ауылы маңында Тойота Vitz маркалы автокөліктің жүргізушісі көктайғақ жағдайында көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Хендай Акцент автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Автокөліктер арнайы айыптұраққа қойылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

Павлодар облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдық режимін асырмауға, көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылауға және ауа райы жағдайларын ескеруге үндеді.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы