Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

Сурет: Орталық коммуникациялар қызметі
Нұртас Кәріпбаев Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 30 желтоқсанда Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығымен Нұртас Ғалымұлы Кәріпбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Ол бұл қызметті 2024 жылы тағайындалды.

Нұртас Кәріпбаев 1986 жылы 20 қарашада Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Шеффилд университетін бітірген.

2022-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты