31 желтоқсанда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Сурет: unsplash
Синоптиктер 31 желтоқсанда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жезқазған қ.: 31 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Қарағанды қ.: 31 желтоқсанда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қ: 31 желтоқсанда тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, облыстың батысында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 31 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ: 31 желтоқсанда қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Тараз қ.: 31 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысында оңтүстігінде, шығысында, батысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман. Қостанай қ.: 31 желтоқсанда тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с.

Павлодар облысының батысыңда, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 31 желтоқсанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ: 31 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: 31 желтоқсанда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с. Шымкент қ.: 31 желтоқсанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 31 желтоқсанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда екпіні 25 м/с. Қонаев қ.: 31 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 31 желтоқсанда түнде аздаған қар, күндіз қар күтіледі. Жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының оңтүстігінде қар, күндіз қар, облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 31 желтоқсанда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с.

Астанада түнде қар, күндіз жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысықа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз