Алматыда Жаңа жыл түні 21 сәби дүниеге келді

Фото: primeminister.kz
2026 жылы 1 қаңтарға қараған жаңа жыл түні мен таңғы уақытта Алматы перзентханаларында 21 нәресте жарық дүние есігін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік таратқан жедел деректерге сүйенсек, сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін 9 ұл мен 12 қыз дүниеге келген.

Әрбір босануды білікті медицина мамандары мұқият бақылады. Ана мен сәбиге дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсетіліп, жаңа туған шақалақтың жағдайы тұрақты деп бағаланды.

"2026 жылдың алғашқы сәбилерінің дүниеге келуі – жаңа кезеңнің, үміт пен өмір сабақтастығының символына айналса, медицина қызметкерлері үшін бұл мереке күндері де үздіксіз атқарылатын жауапкершілігі жоғары қызметтің айқын көрінісі",- делінген әкімдік ақпаратында.

Қаладағы перзентханалық қызмет жүйесі қалыпты тәртіпте жұмысын жалғастырып, ана мен балаға сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмек көрсетіліп отыр.

Бұған дейін Ұлытау облысында жоғалған екі ер адам табылғанын жазған болатынбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды