Air Astana Астанада ауа райына байланысты рейстердің кешігіп жатқанын ескертті

Сурет: pixabay
2026 жылғы 4 қаңтарда Air Astana Астанадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігетіні мен кестедегі өзгерістер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қаңтарда Астанадағы қолайсыз ауа райына байланысты рейстердің ротациялық кідірісі, сондай-ақ кестедегі өзгерістер жалғасып жатыр.

Бұған дейін әуе компаниясы Airbus A320neo тобындағы ұшақтарда орындалатын рейстердің 3-4 қаңтарға қараған түні ұшып шығуға шектеу қойылғандықтан кешіккені туралы хабарлаған болатын.

"Әуекомпаниясы кестені қалпына келтіру үшін барлық шараны қабылдауда, соның ішінде FlyArystan әуе компаниясының резервтік ұшағын іске қосады. Әуежайға барар алдында әуе компанияның сайтында рейсіңіздің мәртебесін тексерулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды