Алматыда 14 жастағы жасөспірім жоғалып кетті: іздеу жұмыстары бір аптадан бері жалғасуда

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында 2025 жылғы 30 желтоқсаннан бері 14 жастағы Тигран Шибаевты іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іздеуге полиция бөлімшелерінің қызметкерлері мен еріктілер ұйымдары тартылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қоғам" жедел әрекет ету жасағының мәліметінше, жасөспірім үйінен қара күртеше мен джинсы шалбар, ақ футболка киіп шыққан. Аяғында қою көк түсті спорттық аяқ киім болған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі жасөспірімнің жоғалу фактісі бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы іздестіру ісін қозғағанын мәлімдеді.

"Іздеу шараларын үйлестіру мақсатында арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Жұмысқа полиция бөлімшелерінің қызметкерлері мен еріктілер ұйымдары тартылды", – деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары жасөспірімнің бұған дейін де үйден бірнеше рет кетіп қалғанын атап өтті.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Оны табуға және үйіне қайтаруға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде", – деп толықтырды Алматы ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері азаматтарды іздеуге көмектесуі мүмкін кез келген ақпарат болған жағдайда дереу "102" нөміріне хабарласуға шақырады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек