Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан бұзылды

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Ниязбеков көшесі, 30/1 мекенжайында орналасқан ғимарат сот шешімімен бұзылды. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында нысан иесіне (жеке тұлғаға) қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілген.

Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, басқарма заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арызбен Жетісу аудандық сотына жүгінді. 2024 жылы 17 желтоқсандағы сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Алматы сотының 2025 жылы 20 ақпандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Бүгінгі таңда сот шешімін орындау аясында нысан иесі ғимаратты өз күшімен бұзды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды