Жетісу облысының тұрғынынан заңсыз қару тәркіленді

Сурет: polisia.kz
Жетісу облысында жүргізілген профилактикалық іс-шаралар барысында аңшылық және қару айналымы саласындағы өрескел заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сарқан ауданында табиғат қорғау полициясы мен Жетісу облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің бірлескен рейді кезінде заңсыз аңшылық фактісі тіркелді.

Сонымен қатар 38 жастағы жергілікті тұрғын өзіне тиесілі аңшылық тегіс ұңғылы қаруды танысына аң аулау үшін бергені анықталды. Полицияның хабарлауынша, қаруды үшінші тұлғаға беру – қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретін, заңмен қатаң тыйым салынған әрекет.

Ал Ақсу ауданында полиция қызметкерлері аңшылықпен айналысқан азаматты ұстады. Тексеру барысында оның заңсыз сақталған 12 калибрлі бір ауызды ИЖ-18Е мылтығы анықталып, заттай айғақ ретінде тәркіленді.

Сурет: polisia.kz

Аталған фактілер бойынша кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды