Көкшетауда пойыз әйел адамды қағып өлтірді

Сурет: pixabay
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм теміржол жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 8 қаңтарда Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімі теміржол көлігі қозғалысы мен пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, жәбірленуші теміржол жолын белгіленбеген жерден кесіп өткен. Қазіргі уақытта іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Zakon.kz редакциясына көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ведомство өкілдері азаматтарды теміржол жолынан өту кезінде қауіпсіздік үшін жаяу жүргіншілер көпірлері мен арнайы жабдықталған өткелдерді пайдалануға үндеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі