Тоқав Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Сурет: akorda.kz
Израиль тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, әңгімелесу барысында Қазақстан мен Израиль арасындағы көпжылдық және сан қырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.

Тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ықпалдастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін растады.

Бұдан бөлек, Биньямин Нетаньяху Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы туралы шешімі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа айрықша ризашылығын білдірді.

Израиль Премьер-министрі бұл қадамды бейбітшілік, тұрақтылық пен халықаралық диалогты нығайту ісіндегі батыл әрі көреген шешім ретінде бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Биньямин Нетаньяху байланыстарды жандандыруға, соның ішінде жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыруға уағдаласты.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы